Қарағанды облыстық психологиялық – медициналық – педагогикалық кеңес (ПМПК) мемлекеттік қызмет көрсету:
Мүмкіндігі шектелген балаларды тексеру және психологиялық- медициналық-педагогикалық консультативтік көмек көрсету
Хабарландыру
Алдын ала жазылу 2018 жылдың 1 маусымынан бастап дүйсенбі-жұма күндері аралығында 13.00-ден 14.00-дейін үзіліс уақытымен сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жүргізіледі.
- 8(7212)77-36-74 телефон нөмірі бойынша,
- тікелей жүгіну арқылы,
Назар аударыңыз! «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық- педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4.2 тармағына сәйкес «көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсырған және алғашқы психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және консультация беру сәттен бастап, психологиялық-медициналық- педагогикалық тексеруді күту - күнтізбелік 30 күн», қызметті алушы ПМПК-не алғашқы рет жүгінген болса, тексеруден 30 күнтізбелік күн бұрын Қарағанды қ. Орбита 1 ықш., 4-8 үй мекен-жайы бойынша келесі құжаттар тізбесін тапсыруы қажет
Құжаттар дүйсенбі-жұма күндері аралығында 13.00-ден 14.00-ге дейін үзіліс уақытымен сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін қабылданады.
Қайта жүгіну кезінде құжаттар тапсыру қажет емес.
Егер сіз ПМПК-не алғашқы рет жүгінген болсаңыз, тексеруден 30 күнтізбелік күн бұрын Қарағанды қ. Орбита 1 ықш., 4-8 үй мекен-жайы бойынша келесі құжаттар тізбесін тапсыруыңыз қажет:
- Туу туралы куәліктің көшірмесі (тексеру үшін түпнұсқасы),
- Мүгедектігі туралы қорытындының көшірмесі (тексеру үшін түпнұсқасы),
- Денсаулығына байланысты үйде оқыту қажеттілігі туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы (үйде оқитын балалар үшін),
- № 112/у нысаны немесе № 027 нысаны,
- Білім беру ұйымынан психологиялық-педагогикалық мінездеме.
Тексеруден өту күні баламен бірге келген ата-ананың жеке куәлігінің көшірмесі (тексеру үшін түпнұсқасы), ата-анасы үшін және бала үшін екінші аяқ-киім, оқушыларда оқыту тілі бойынша, математикадан жазба жұмыстары, суреттері және іс-әрекетінің басқа да нәтижелері.
Денсаулығына байланысты баланы ПМПК-ке әкелу мүмкіндігі болмаған жағдайда ПМПК қорытындысын алу қажеттілігі бар балаларға мамандардың үйге шығып қарау отырысы ұйымдастырылуы мүмкін. Ол үшін баланың ата –анасы немесе ресми өкілі ПМПК басшысының атына өтініш жазуы керек. Толығырақ мәліметті сайтта көрсетілген телефон бойынша білуге болады.
Бізге қалай жетуге болады:
Қалалық маршруттағы автобустар: № 53, № 43, № 70, № 19, № 41, № 56, № 45, № 5, № 49
Маршруттық таксилер: № 14, № 29, № 04