2017 жылғы 31 мамырда Қарағанды облыстық психологиялық – медициналық педагогикалық кеңесі Қарқаралы ауданының педагогтарына «Жалпы білім беру мектептерінде инклюзивтік практиканы енгізу» тақырыбына семинар өткізді.  Семинардың мақсаты – облыстың педагогикалық қауымымен ағартушылық  жұмыс жүргізу.

Семинарға барлығы Қарқаралы ауданы мектептерінің 32 маманы қатысты, оның ішінде мектеп директорлары, оқу бөлімі бойынша директордың орынбасарлары, дефектологтар, психологтар, логопедтер, мұғалімдер және медициналық қызметкерлер болды.

Семинар барысында ОПМПК әдіскерлері, Б.Н. Бакмаганбетова, Сабирова А.К., психиатр – дәрігер А.В. Караваева, сурдопедагог Р.К. Кайралапова инклюзивтік білім беруді жүзеге асырудың заңнамалық негізін қатысушылардың естеріне салды, ЕБҚ бар балалар санатын анықтау бойынша ой қозғау өткізді.  Сонымен қатар білім беру ортасындағы АСБ және ЕБА бар балалардың ерекшеліктерімен, балалардың интеллектуалдық сферасындағы бұзылыстардың варианттарымен, жалпы білім беру мектептерінде оқытылуда қиындықтары туындайтын балаларға психологиялық – педагогикалық қолдау көрсету ерекшеліктерімен таныстырды. Жасалған баяндамалар материалдары мен ой қозғауды талдау барысында инклюзивтік білім беруді жүзеге асырудың көптеген спецификалық аспектілері айқындалды, атап айтқанда ПМПК қорытындысына сәйкес ЕБҚ бар балаларға ОПМПК-ң білім беру қызметін іске асыру. Рефлексия барысында семинарға қатысушылар ұсынылған ақпараттардың мазмұнды, түсінікті болғандығын атап өтті. Тыңдаушылардың барлық сұрақтарына нақты және толық жауап берілді.  Семинарға қатысушылар ОПМПК-ң қызметі және инклюзивтік білім беруді жүзеге асыруға қажетті жағдайлар туралы дұрыс түсінік алды. 

Өткізілген шара семинарлар өткізудің өзектілігін және де педагогтардың ОПМПК қызметінің ерекшеліктерімен танысуына, кері байланысты орнатуға көмегін тигізетіндігін, ЕБҚ бар балалардың оқытылуы мен дамытылуын ұйымдастырудың  көптеген аспектілерін түсіндіретіндігін байқатты.

ОПМПК ұжымы семинарды өткізуді ұйымдастыруда көмек көрсеткен Қарқаралы ауданы ББ басшысы А.С. Елеусизовқа, инклюзивтік білім беру бойынша бас маман М.Е. Искаковаға, Қарақаралы қаласының академик О.А. Жаутыков атындағы № 1 мектеп директоры С.К. Кусаиновқа алғыс білдіреді.


 

31 мая 2017 года Карагандинская областная психолого-медико-педагогическая консультация (ОПМПК)  провела семинар для педагогов Каркаралинского района  на тему «Внедрение инклюзивной практики в общеобразовательных школах».

Цель семинара – просвещение педагогической общественности  области по вопросам внедрения инклюзивной практики.

Всего присутствовало на семинаре 32 специалиста школ Каркаралинского района, среди них директора школ, завучи, дефектологи, психологи, логопеды, учителя и медицинские работники.

Во время семинара методисты ОПМПК Сабирова А.К., Бакмаганбетова, врач-психиатр Караваева А. В., сурдопедагог Кайралапова Р.К.  напомнили присутствующим о законодательной основе реализации инклюзивного образования, провели мозговой штурм по определению категории детей с ООП. Также познакомили с вариантами нарушений интеллектуальной сферы детей, с особенностями детей с РАС и РДА в общеобразовательной среде, с особенностями психолого-педагогической  поддержки детей с трудностями в обучении в общеобразовательной школе. В ходе обсуждения материалов выступлений и мозгового штурма были уточнены многие специфические аспекты реализации инклюзивного образования, в частности реализации образовательных услуг ОПМПК детям с ООП, согласно заключениям ПМПК. 

В ходе рефлексии участники семинара отметили, что предложенная информация изложена содержательно, доступно. На все возникшие вопросы слушателей  были даны конкретные ответы.   Участники семинара получили правильное представления о работе ОПМПК, о необходимых условиях реализации инклюзивного образования.

         Данное мероприятие показало, что проведение семинаров носит актуальный характер, помогает педагогам на местах познакомиться с особенностями деятельности ОПМПК, налаживать обратную связь, разъясняет многие  аспекты организации обучения и развития детей с ООП.

         Коллектив ОПМПК благодарит руководителя ОО Каркаралинского района Елеусизова А.С., главного специалиста по инклюзивному образованию Искакову М.Е., директора школы № 1 г.Каркаралинска им.академика О.А. Жаутыкова Кусаинова С.К. за помощь в организации проведения семинара.