Ата-аналарға ақыл кеңес беру:
- көз тәртібін сақтау, табиғи жарықта оқу, жазу,теледидар, планшет, компьютер, ұялы телефондарды көруге шектеу қою немесе 30 минуттан 2 сағатқа дейін рұқсат ету, жатып оқымау, транспорттың ішінде келе жатып оқымау сол сияқты т.б айтып үйрету.
- Көзге арналған жаттығулар жасату. Мысалы:таңертеңгілікте көзіңізді жауып,бетіңізге алдымен жылы су,соңынан салқын су бүркіңіз. Жаттығуды 20 рет қайталаңыз. Кешке қарай осы жаттығуды тағы істеп көріңіз. Бірақ бұл жолы бетіңізге алдымен суық су,содан соң жылы су бүркесіз. Бұл жаттығу көздеріңіздің қан айналысын жақсартады.
- егер бала көзілдірік киетін болса үнемі кию немесе алысқа қарауға кию, дәрігер офтальмологқа тіркеуге тұру.
- Арнайы балабақшаларға немесе арнайы мектеп-интернаттарына баратын болса бару мерзімін ұзарту,ортоптоплеоптикалық емдеулер тағайындау,тифлопедагогпен жұмыс жасау.